Previous Page  63 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 63 / 192 Next Page
Page Background

63

Дін – насихат

Ақиқатына қарасақ, жер бетінде ешбір адам

алауыздық, жек көрушілік, дұшпандық дегендерді жақсы

деп атамайды. Алтаудың ала болуын ақтайтын ешбір

заң немесе дәстүр жоқ. Бірақ айналамызда бір-бірімен

дұрыс бауыр бола алмай жүргендер көп екендігін де

ешкім жоққа шығара алмайды. Адамдар арасындағы

бауырмашылықтан артық байлық жоқ екендігіне тағы

да бір сендіргіміз келеді. Қарап отырсақ, адамдардың

бір-біріне жауығатындай, қулық-сұмдықпен бірін-бірі

алдайтындай, болмашы нәрсе үшін ештеңеден тайын-

бай бір-біріне зұлымдық жасайтындай үлкен себеп

те жоқ. Ал керісінше, дос болудың, жақын болудың,

бауыр болудың себептері көп. Солардың бірді-екісіне

тоқталайық.

Ақылға салып көрейікші, бір кемеде жүзіп бара

жатқан адам қасында бірге отырған адамның суға

батқанын қалауы дұрыс па? Әрине жоқ. Ендеше, бар-

ша мұсылмандар Ислам деген алып кемеде бара жатқан

жоқ па? Екіншіден, өзіміз отырған үйде ешкімнің отқа

жанғанын қаламаймыз. Өйткені өзіміз сол үйде отыр-

мыз. Ал біле білген адам үшін бізді қоршап тұрған он

сегіз мың ғалам ұлы Жаратушы иеміздің ғажайып үйі.

Демек, ондағы адамдар бір-бірімізге бауырмыз. Абай

атамыздың: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген

даналық ойының бір себебі осы болса керек.

Сондай-ақ бүкіл мұсылмандар Құбылаға бет бұрып

намаз оқимыз. Құбыла – Алланың үйі. Сондай ұлы ортақ

құндылығымыз бола тұра мұсылманның бір-бірімен

бауыр бола алмауы ақылға да, қисынға да теріс. Өйткені

бәріміз бір Алланың үйіне бет бұрып тұрып, көңіліміз

әр жақта болып тұрса, ол мұсылмандыққа да жат.