Previous Page  66 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 192 Next Page
Page Background

66

Жанұя жарасымы

Қажылыққа барған кісі тәбәрік деп, бір ұрттам

зәмзәм немесе бір тәспі әкеп берсе, ауылдағы қарияларға

одан артық қуаныш жоқ. Сонда елімізде де әр жерде

сатылып тұрған тәспі үшін емес, «Жарықтық қасиетті

Меккеден» келді ғой деп қуанады. Бұл қазақ халқының

сан ғасырдан бері қасиетті Қағбаны барынша қастер

тұтып келгенінің дәлелі болса керек. Осы секілді

Ислам дінінің әрбір талабына момын жұртымыздың

құрметі шексіз болып келеді. Мысалы, хадис шәріпте:

«кімде кім Аллаға және ақырет күніне шын иланса,

қонағын құрметтесін» делінген. Енді қазақ халқының

қонақ күтуін елестетіп көріңіз. Тапқан таянғанының

ең тәттісі мен ең жұмсағын қонағының аузына тосып

келген халықпыз.

Енді Құранға құрмет мәселесіне оралайық.

Негізінде, Құранға илану иман шарттарының негізгі

бір тірегі. Құранның хақ екендігіне, оның ұлы Алла

тағаланың сөзі екендігіне күмән келтірген адамның

иманы толық бола алмайды. Соған қарамастан кейде

Құрандағы бір аяттардың мазмұнын талқылап, оны-

мен келіспейтінін білдіріп жататындар кездеседі. Мы-

салы, «Құранда арақты харам дейді. Негізі ол бидайдан

жасалған. Бидай қалай харам болсын» деген сияқты

сөздерді есітіп қаламыз. Бұл дұрыс іс емес. Өйткені

Құран кәрімде: «Алланың аяттарын келеке қылмаңдар»

делінген («Бақара сүресі», 231-аят). Адам баласына

ненің зиян, ненің пайда екенін Жаратушы иеміз Алла

тағаладан артық ешкім білмейді. Әр нәрсенің қадірін

дұрыс бағамдай білетін данышпан Абай өз өлеңдерінің

бірінде:

«Қисынымен

қызықты

болмаса

сөз,

Неге айтсын пайғамбар мен оны Алласы!» деп