69
Дін – насихат
ман баста жаман ой» деуі содан болса керек. Себебі
өзінің кеудесінде жақсылық болмаған соң, өзгелер жай-
лы жақсылық қайдан пайда болсын. Сондай-ақ адам
өзіндегі ұнамсыз қылықтар өзгелерде де міндетті түрде
бар деп қателесуі мүмкін. Міне, осындай өзі танымай-
тын адам туралы өзіндік пікір айтатындар бар. Бір кісі
екінші кісімен бірге өмір сүрмесе, бірге жұмыс істемесе,
бір-бірімен көрші немесе жақын туыс болмаса, бір-бірі
туралы күмәнды ойлар айтуы дұрыс емес. Күнделікті
араласып жүрген күнде де істің ақиқатын білмесек, ол
жайлы тіс жарып сөз айту үлкен қателік.
Әркімнің істеріне қарап ішкі сенімі туралы үкім
айту да жаман ойға жатады. Мысалы, бір кісі арақ
ішіп жүрсе, оны дінсіз, кәпір деп атап, ешқашан
емделмейтіндей көру дұрыс емес. Жүрегінің түбінде
кімнің мұсылман, кімнің басқа екенін бір Алладан өзге
ешкім білмейді. Сол секілді адамдар бір іс жасағанда,
олардың ішінде қандай ниет бар екенін де Алладан
басқа ешкім білмейді. Мұсылман адам айналасындағы
әрбір істі жақсылыққа жорып отырғаны дұрыс. Сонда
қателік те аз болады. Осы тұста сахабалардың дәуірінен
бір өнеге келтіре кетелік:
Әбу Бәкірдің (р.а.) халифалығы кезінде бірде
Мәдина қаласында қуаңшылық белең алды. Халық бір
үзім нанға зар болды. Осыдан кейін Мәдинаның барлық
саудагерлері қолындағы бар қаржысын бидай алып,
оны үстеме бағамен сатуға жұмсады. Хазірет Оспан
да осы кезде Шамға адамдарын жіберіп, жүз түйеге
бидай артып әкелдіреді. Бұл Мәдина халқының басым
көпшілігіне жететін астық болатын. Осыны естіген
кейбір саудагерлер дереу хазірет Оспанға барып, сол
бидайды сатып алмақ болды. Олар бидайдың шама-