71
Дін – насихат
түйелі бидайдың бәрін Мәдина халқына садақа етіп тегін
таратты. Кедей мен жоқ-жітіктерді қуанышқа бөледі.
Пайғамбарымызбен қатар барлық сахабалар да бізге
теңдессіз өнеге. Сол себепті хазірет Оспанның мына
ісі қашан да көкірек көзі ашық адамдарға ғибраты мол
өнеге болып қала бермек.
Сөз соңында айтарымыз, жаман ойлау адамдарды
еш уақытта жақсылыққа апармаған. Ал жаман ой, өтірік
сөз, жалған өсектің кесірінен елдің басына небір зұлмат
замандар орнаған. Сондықтан туған-туыстарымыз,
көршілеріміз, басшыларымыз, діндес бауырларымыз,
достарымыз жайлы тек қана жақсылық ойлап, жақсы
сөздер айтуға тырысқанымыз дұрыс.