Previous Page  70 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 70 / 192 Next Page
Page Background

70

Жанұя жарасымы

мен бес келісіне төрт дирхам бермек болып ұсыныс

жасады. Бірақ хазірет Оспан саудагерлердің бұл

бағасын аз көріп: «Сендерден де артық беруші бар»

деп қарсылық білдірді. Саудагерлер бағаны көтеріп

көріп еді, ол тағы да: «Сендерден де артық беруші

бар» деп келіспей қойды. Саудагерлер бағаны жеті

дирхамға дейін көтеріп көрді. Алайда ол тағы да әлгі

сөзін қайталап: «Сендерден де артық беруші бар» деп

жауап қайырады. Кейбіреулер оның қарсылығын «мы-

нау қысылтаяң шақты пайдаланып көп олжа таппақ бо-

лып тұрғанға» жорыды. Халық аш жатқанда мынаның

бұл тірлігі ақылға сыйымсыз, бұнысы несі деп түсіне

алмады. Ақырында олар мәселені Халифа Әбу Бәкірге

жеткізді. Ол: «Меніңше, бұнда бір сыр жатыр. Шамасы,

сендер оны түсіне алмағансыңдар. Ол – Аллаһ елшісінің

күйеу баласы һәм жаннаттық серігі. Елдің аштығын

пайдаланып олжа табар адам ол емес. Оның бұл ісінде

сөзсіз даналық жатыр. Ал, кәне, бәріміз бірге барып

істің мәнін жеке өзінен сұралық»,– дейді.

Олар осылайша бірге хазірет Оспанға барады. Хали-

фа оған саудагерлердің шағымын айтып, неге айтылған

бағаға сатпағанын сұрайды. Хазірет Оспан сонда бы-

лай деп жауап береді: «Әй, Аллаһ елшісінің халифасы!

Бұлар бидайды жеті дирхамнан беруді сұрады. Яғни,

бірге жеті есе бермек болды. Бірақ мен оны бірге жет

жүз есе беретін біреуге сатқым келіп отыр. Аллаһ тағала

әрбір жақсылыққа жеті жүз есе сауап беремін деп уәде

еткен жоқ па?! Мұндай мол табыс тұрғанда мен неге

затымды оларға арзан бағаға берейін?!».

Хазірет Оспанның мына жауабына саудагер-

лер таңырқап, терең ойға батты. Ол жайлы жаман

ойлағандарына ұялды. Хазірет Оспан осыдан кейін жүз