74
Жанұя жарасымы
Бірде Адам атамыз Абыл мен Қабыл атты екі ұлына
Алла разылығы үшін құрбан шалуды бұйырады. Абыл
шопан еді. Ол бір қой шалады. Қабыл егінші еді. Ол бір
құшақ бидай құрбан етеді. Сонда Алла тағала Абылдың
құрбанын қабыл алды. Міне, сол кезде шайтанның
түрткілеуімен Қабылдың қызғанышы мен күншілдігі
қозды, жанын қоярға жер таппай долданды. Ақыры,
тұла бойын өшпенділіктің оты өртеп, жазықсыз Абыл-
ды өз қолымен өлтіріп тынды. Осылайша жер бетінде
алғаш рет қан төгілді. Ислам тарихы міне осындай сыр
шертеді. Ендеше, жер бетіндегі алғашқы зұлымдықтың
себебі осы көре алмаушылық.
Қасиетті Құранда жаратқан мақлұқаттарының
кесірінен, қарағылық қаптаған түннің кесірінен,
түйіншектерге дем салатын жәдігөйлердің кесірінен
және күншілдердің күндеген кездегі кесірінен арайлы
таңның Раббысы Алла тағалаға сыйынып пана тілеу жай-
лы «Фәлақ» деген арнайы сүре бар. Байқап отырсаңыз,
күншілдердің кесірі небір ауыр кесапаттардың қатарында
аталып тұр. Мұсылман адамның өзі мұндай кесірдің
маңына да жуымағаны дұрыс. «Ойпырм-ай, көре алмау
деген неткен оңбаған мінез, күншіл адам Алланың ал-
дына қай бетімен барады?» деп, өзімізді көбірек қайрап,
ондай мінезді табиғатымыздан аластатудың қамын жа-
сауымыз керек.
Мендегі жоқ дүние өзгеде де болмасын, мендегі
жоқ денсаулық өзгеде де болмасын, менде болмаған
мүмкіндіктер өзгеде де болмасын деген көңіл тарлық
мінездер еш уақытта адамға опа бермеген.
Абай хакім өзінің он төртінші қара сөзінде былай
дейді: «Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па?.. Біріңе-бірің
қонақ екенсің, өзіңде дүниеге қонақ екенсің, біреудің