

72
Көре алмаушылық
Алла тағала адамбаласына көпмінез берген. Олардың
жақсысы да, жаманы да бар. Мұсылманның міндеті
солардың жақсысын дамытып, жаманын бо- йынан ала-
стату. Ал адам қанында айналып жүретін ең жексұрын
мінездің бірі – көре алмаушылық. Қызғаншақтық,
күншілдік те осымен ағайындас мінездер. Бұлар көбінесе,
ішіне шынашақ айналмайтын іштарлықтан келіп ту-
ындайды. Кейде біреуге мал бітсе, біреудің аты озса,
үйіне береке кірсе, айдалада жүрген екінші адам солар-
ды көре алмай, өзінен өзі қиналып, күйіп-пісіп жатады.
Бұл мінездің шариғатымыздағы үкімі харам. Негізінде,
бұл мінез әр адамның табиғатында кездесуі ықтимал.
Алайда онымен күресіп, бойынан аластатқандар да,
оған бой алдырып құлына айналғандар да болады. Бұл
мінезді көбінесе, иманы әлсіз, көркем мінезден жұрдай,
Алла тағаланың өзіне берген нығметтерін сезбейтін, ал
өзгелердің қолындағыға аузының суы құрып қарайтын
жандардан байқаймыз. Ал ақиқатына қарасақ, Алла
тағала нығметті өзі қалаған құлына береді, қаламаса
бергенін алып қояды. Сондықтан көре алмау мінез
Аллаға разы болмаудың бір белгісі іспеттес. «Дүние-
мүлікті өзгеге бердің, маған бермедің» деген секілді
Алланы жазғырудың да бір көрінісі. Бұл бір. Екіншіден,
іштарлықтан құтылғысы келген жан өзі қызыққан адамға
әр түрлі нығметтері болмай қалсын деп емес, керісінше
көбірек болсын деп дұға еткені дұрыс. Үшіншіден,
соншалықты жан-тәнімізбен Алладан дүние-мүлік,
байлық тілейтіндей оның келешегімізге, екі өмірімізге