Previous Page  64 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 64 / 192 Next Page
Page Background

64

Жанұя жарасымы

Сонымен қатар бұрын мектепте бүкіл сыныптас-

тарымыз бір мұғалімнен тәлім алдық. Мұғалімнің

ортақ болуының өзі бізді он бір жылдан соң, қимай

қоштасатындай бауырмал етіп шығармап па еді? Ал

енді мұсылман жамағатының мұғалімі емес, Жарату-

шы иесі мен пайғамбары бір емес пе? Тым болмаса,

осы үшін бауырлар арасындағы бүкіл жек көрушілікті

қиюға болады.

Тағы бір мәселе, бәріміз ертең бұл дүниедегі дәм-

тұзымыз таусылып, арғы өмірге көшерімізді анық

білеміз. Ол жақта күтіп тұрған қабір, мизан таразысы,

сират көпірі, махшар алаңы, жұмақ пен тамұқ бәрімізге

ортақ. Бұлардың бәрінде де бауырмашылдықтан безудің

зияны көп.

Міне, осыншалықты бауырмашылдықтың себептері

тұрғанда, алтыбақан алауыз болу ешбір заңның

шеңберіне сыймаса керек. Бауырмашылдықты бұзатын

бір ғана себеп бар десек, ол біздің қу нәпсіміз. Демек,

жауласу керек болса, жүрегіміздегі тәккаппарлық,

көре алмаушылық, кекшілдік, өшпенділік, жеңілтектік,

нәпсіқұмарлық секілді мыңдаған рухани кеселдерімізбен

жауласайық. Лағынеті шайтанға қарсы тұрайық. Бірақ өз

қандастарымызға, діндестерімізге, отандастарымызға,

тағдырластарымызға еш уақытта дұшпандық

жасамайық.

Сөз соңында тілеріміз, Алла тағала барша

халқымызды тәндері бөлек болғанмен, ойы бір, арман-

тілегі, ниеті бір, мақсаты бір бауырларға айналдыр-

сын.