Previous Page  59 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 59 / 192 Next Page
Page Background

59

Дін – насихат

ыстық ықыласымызды арттырайық

» деп сұрады. Сон-

да Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «

Олар араларында ешқандай

туысқандық, сауда-саттық, кәсіптік байланыс болма-

са да, Алла разылығы үшін бір-бірін жақсы көргендер.

Аллаға ант етейін, олардың жүздері тұнған нұр, әрі

өздері нұрдан жасалған мінбердің үстінде тұрады.

Адамдар үрейленіп, қорқып тұрғанда оларда ешқандай

қорқыныш сезімі болмайды. Басқалар қайғырып

тұрғанда олар қайғырмайды

», – деді.

Өзгелерді жақсы көру сезімі ең алдымен Аллаға де-

ген махаббаттан, Ақирет күніне терең иман келтіруден

туындайды. Содан соң әрбір адамның қадірі мен құнын

бағалай білу, өзгенің қателіктерін кешіре білу, біреудің

орнына өзіңді қоя білу маңызды.

Мұсылмандарға бір-бірін жақсы көрудің ақиреттегі

қарымтасы да үлкен. Ардақты пайғамбарымыздың

(с.ғ.с.) айтуынша, «

Қиямет күні Алла тағала бы-

лай деп бұйырады: Менің әміріме бойұсынып, бір-

бірін жақсы көрген пенделерім қайда? Оларды Менің

аршымның көлеңкесінен өзге сая табылмайтын осы

күні өз көлеңкеме паналатайын

». Ал дүниедегі өмірінің

есебін беретін махшар күнінде әркім өз денесінен аққан

терге иегіне дейін көміліп қиналып тұрған шақта бұл

иләһи пананың маңызы зор. Сондықтан бұл дүниеде

адамдар бір-бірін болмашы кемшілігі үшін немесе жай

ғана түсініспеушіліктің салдарынан толыққанды жақсы

көре алмай жатса, одан артық өкініш жоқ. Мұсылман

адамды қадіріне жетіп, жақсы көре алмау осындай зор

мүмкіндіктен құр қалдырады.

Шынында да, көзді ашып жұмғанша өте шығатын

өтпелі өмірде адамдарды жақсы көріп, Алланың

хикметін сезінуден артық қызық жоқ.