Previous Page  54 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 54 / 192 Next Page
Page Background

54

Жанұя жарасымы

қарасақ, кезінде Жүсіп пайғамбардың әкесі Жақып

пайғамбар өзінің балаларын Мысыр еліне жіберіп

тұрғанда оларға былай дегені келтіріледі: «

Уа, бала-

ларым, (Мысырға) бәрің бір қақпадан кірмеңдер,

бөлек-бөлек қақпалардан кіріңдер. (Не істесем де)

Алладан келген тағдырды өзгертуге менің шамам

жетпейді. Өйткені ақиқатында, үкім беру тек қана

Аллаға тән

» («Жүсіп» сүресі, 67-аят).

Міне, осы аятты тәпсірлеген ғалымдар: «Жақып

пайғамбар бұл кеңесті олардың бәрі бір жерден көзге

түсер болса, жұрттың көре алмаушылығына (яғни сұқ

көзіне) душар болуы мүмкін деген себеппен айтқан»,

– дейді.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көзі тірі кезінде де тіл-

көзге қатысты талай жағдайлар өтті. Сахабалардың

бірі Амр ибн Рәбия Сәһл ибн Хунайф деген сахаба-

ны шомылып жатқан жерінде көріп қалады. Сол-ақ

екен әлгі сахаба тұрған жерінде сұлқ түсіп, құлап

қалады. Айналасынан табылған кісілер оны көтеріп

алып, Пайғамбарымыздың құзырына жеткізеді. Алла

елшісі (с.ғ.с.) мән-жайды естіп білген соң: «

Енді кімнен

күмәнданасыңдар

?» деді? Олар Амр ибн Рәбияны ай-

тады. Сонда Пайғамбарымыз әңгімені Амрге бұрып:

«Сендердің біреулерің бауырларын неге өлтіреді?

Қайсыбірің бір бауырында ұнамды, сүйкімді бір нәрсе

байқаса, ол үшін берекелі болғанын тілеп дұға етсін

(«Мәшаллаһ!», «Бәрәкаллаһ!» деген секілді сөздерді

айтсын)»

, – дейді.

Міне, көрдіңіз бе, осы бір оқиғадан бірнеше

қорытынды шығады. Біріншіден, кез келген адамда

тіл, көз болуы мүмкін. Бірақ сахабалардың бірден Амр

ибн Рәбияны айтқанына қарағанда, кейбір көздердің