Previous Page  58 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 58 / 192 Next Page
Page Background

58

Жанұя жарасымы

Енді Алла разылығы үшін жақсы көру сезімінің

Ислам дініндегі орнына тоқталайық. Себебі әр

жақсылықтың бастауы Ислам дінінде болатыны секілді,

бұл ізгілікті қалыптастырудың тетігі де асыл дінімізде

жатыр.

Алла тағала бізді қоршаған барша ғаламды да,

адамзатты да теңдессіз шеберлікпен және махаб-

батпен жаратқан. Ғалымдар барша жаратылыстың

бар болуының себебі де, негізі де және оларды бір-

бірімен байланыстырып тұрған ең мықты дәнекер

де сүйіспеншілік екенін айтқан. Ғаламдағы барша

жаратылыстың астарында Алла тағаланың шеберлігі жа-

тыр. Ендеше, сол теңдессіз жаратылыстарды жақсы көру

сезімі біздің Жаратушымызға деген махаббатымыздың

деңгейі болмақ. Жаратылысты қанша жақсы көрсек,

Жаратушымызға деген сүйіспеншілігіміз де сондай

деңгейде болғаны. Бірақ есте болатын нәрсе, адамдар-

ды қызметі, атағы, байлығы, абырой-беделі үшін емес,

Алланың махаббатпен жаратқан бір пендесі болғаны

үшін жақсы көргеніміз дұрыс. Ал пендешілік мақсаттар

үшін құрылған достық еш уақытта алысқа бармайды.

Бірде сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз

сахабаларының ортасында отырғанда былай деді:

«

Алланың құлдарының ішінде бір топ бар. Олар

пайғамбар да емес, Алла жолында қайтыс болған

шәһид те емес. Бірақ қиямет күнінде олардың

Алла құзырындағы мәртебесіне пайғамбарлар да,

шәһидтер де қызыға қарайтын болады

» деді. Сон-

да пайғамбарлардың өзін қызықтыратын бұл қандай

жандар екенін білгісі келген сахабалар: «

Уа, Алланың

елшісі, олар кімдер? Қандай ісімен ерекшеленді?

Айтыңызшы, біз де оларға деген сүйіспеншілігіміз бен