Previous Page  57 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 57 / 192 Next Page
Page Background

57

ДІН – НАСИХАТ

Алла разылығы үшін жақсы көру

Ислам дініндегі ерекше маңызды құндылықтардың

бірі мұсылман адамдардың бір-бірінАлла разылығыүшін

жақсы көруі. Міне, дәл осы мінезге бүгінгі қоғамымыз

ауадан да, судан да мұқтаж десек артық айтқандық емес.

Өйткені адамдар арасындағы сүйіспеншілік жоқ жерде

өзге жақсылық бола қояды деуге сену қиын. Жақсы

көрмеген адамына ешкім жақсылық та жасамайды. Ал

бір-біріне жақсылық жасамайтын елдің тіршілігін өзіңіз

елестете беріңіз. Бір-бірін жақсы көретін адамдардан

құралған қоғамның бүгіні бақытты, келешегі кемел.

Адам жүрегінде жақсы көру сезімі болмаса, онда

бірте-бірте жанашырлық, ықылас, кешірімділік, кең

пейілділік, жомарттық секілді имани құндылықтар да

азая береді. Олардың орнын тәкаппарлық, қарабастың

қамын ғана ойлаушылық, сараңдық, ашкөзділік секілді

кеселді сезімдер жайлап кетуі да әбден мүмкін. Әрине,

бүгінгі қоғамда адамдар бірін-бірі жек көреді деп

айта алмаймыз. Бірақ біріне-бірі немқұрайлы, атүсті

қарайтындар аз емес. Алла разылығы үшін жақсы

көруді сезім дегеннен гөрі қалау деп атаған дұрыс.

Себебі адамдардың іштей қажыр-қайраты, ерік-жігері,

қалауы болмаса, бір-бірін жақсы көре қоюы қиын. Де-

мек, жақсы көру сезімі бойына әбден сіңіп, әдет-дағдыға

айналғанша, адам өзін біршама қинаса да болады.