Previous Page  52 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 52 / 192 Next Page
Page Background

52

Көз тию – ақиқат

Бүгінде қалың көпшіліктің арасында тіл тию,

назарлануға қатысты көп сауалдар бар. Біреулер бұрынғы

дөңгеленген шаруасы біршама саябырсып қалғанда,

енді бір топ ұл-қыздары отау көтеріп, шаңырақ көтере

алмағанда көз немесе сөз тиді-ау деген ойға қалып

жататыны жасырын емес. Жас сәбилердің түні бойы

ұйықтамай шығуы, мініп жүрген көліктің қайта-қайта

бұзылғыш болуы, қолға алған істің аяқталмай қалуы,

санай берсек осыған жатқызылып жүрген мәселелер

өте көп. Қабілеті зор ұлының, ажары асқан қызының не-

месе келбеті жарасқан зәулім үйінің көз тигеннен аман

болуына шара іздеп жүргендер де ел ішінде аз емес.

Кезінде ауылдарда «Түһ, мына сәйгүліктің келістісі-

ай!» немесе «Мына бір күшік жақсы ит болады-ау!»

деген бір ауыз сөзден немесе сүйсініп қараған бір назар-

дан сілейіп қалатын үй жануарларын талай көрдік. Міне,

осылайша көзге сұлу көрінетін байлығын көлденең

сұқтан тығып ұстау еліміздің жазылмаған заңына айнал-

ды. Бірақ адамға соншалықты әсер ететін, сау адамды

ауру ететін, тіпті біреулердің өмірімен қоштасуына да

себеп болатын осындай жағдайлардың қыр-сыры толық

ашылып болған деп айта алмаймыз. Бүгінгі дамыған

медицина да, заманауи технологиялар да бұл сұрақтарға

мардымды жауап айта алмай жүргені мәлім. Ал бірақ

кешегі ата-әжелеріміз «Көзі құрғыр малға тисе, тисін,

адам аман болсын. Құдай-ай тілдінің тілінен, көздінің

көзінен сақтағайсың» деп дұға жасап, тілек тілеп отыра-

тынын көрдік. Осылардың шын мәні қандай? Тіл, көз