Previous Page  49 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 49 / 192 Next Page
Page Background

49

Отбасы шаттығы

Ақиқатына қарасақ, зина күнәсында, біріншіден,

Алланың ақысына қиянат байқалады. Екіншіден,

отбасының ақыларына қиянат жасаған болады.

Байқасаңыз, Алла тағала жоғарыдағы аятта: «Зинаға

жоламаңдар!» деп бұйырған. Есіңізде ме, бала

кезімізде бізді үлкендер пышаққа, отқа жолама деп

сақтандыратын еді ғой. Бұл да сол сияқты. Айтқанды

тыңдамай, денесіне өткір пышақты сұққылаған баланың

жағдайы қандай болады?

Жалындаған от ше? Онымен де ойнауға болмай-

ды. Бір жанып шыққанда тұрған не бар екен дейтін

адам нағыз ақымақтың ақымағы. Солай емес пе? Аман

қалғанның өзінде пышақ пен оттан қалған із жаман бо-

лады. Ендеше, үлкен кісілер емес, екі дүниенің жалғыз

иесі Алла тағала бізге: «Зинаға жоламаңдар!» деп ұлы

ескерту жасап тұрған жоқ па?

Шайтан болып кетпесе, әрбір адам жүз жыл өтпей

Алланың құзырына барады. Қиямет күні міндетті түрде

келеді. Бұл 124 мың шыншыл пайғамбарлар бірауыздан

білдіріпкеткенбұлтартпасақиқат.Міне, солкезденәпсінің

азғыруын жеңе алмаған зинақорлардың жайы не болмақ?

Олай болса, құрметті бауырлар! Арамызда осындай

арсыз іспен айналысып жүргендер болса, тез арада

тәубеге келіп, Алладан кешірім сұрағаны жөн. Ал егер

қасарысып, алған бетінен қайтпайтындар болса, бұдан

кейінгі насихатымыз соларға арналады.

Әй, Алланың назарында күнә жасап, жар төсегін

былғап жүрген зинақор ерлер мен әйелдер! Сіздер бүкіл

қоғамды былғап жүргендеріңізді білесіздер ме? Бәлкім,

сіздер өз ойнастарыңызбен оңаша жатқанда, біздің

ешкімге қатысымыз жоқ деп ойлайтын шығарсыздар.

Түк те олай емес. Сіздер нақсүйерлеріңізбен күнә жа-