Previous Page  44 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 44 / 192 Next Page
Page Background

44

Қыздай алғаныңызды мұздай қылып

тастап кетпеңіз

Күйеуім басқа әйелмен кетіп қалды деген шағым

бүгінде көп айтылатын болды. Кейбір әйелдер тіпті үш-

төрт баласымен жылап-еңіреп қалып жатады. Бүгінге

дейін қаншама әйелден осындай шағым есіттім. Жасы-

нан да, үлкендерінен де. Өзінің ақ некелі әйелін осын-

дай жағдайға қалдырған еркектер де күн санап көбеюде.

Намазын оқып жүріп, осындай қадамға барғандарды

ойласаңыз, еріксіз жағаңызды ұстайсыз. Себебін

сұрасаң: «Арада махаббат болмай кетті. Төсегіміз

суып кетті. Басқа бір келіншекке ғашық боп қалдым»

деген секілді бір нәрселерді айтып ақталғысы келеді.

Жасыратыны жоқ, соған кейде сыртта жүрген бөтен

қыз-келіншектер себеп болып жатады. Біреу тәнін

сұлу қып көрсетеді. Тағы біреуі жасандылыққа салып

мінезін жақсы етіп көрсетеді. Қысқасы, мың бір жол-

мен арбайды, азғырады, тұзақ құрады. Ақыр соңында

біреудің жап-жақсы отбасының құлауына себеп бола-

ды. Айтыңыздаршы, көзінің нұры бала-шағасын тастап,

қай-қайдағы біреудің жетегінде кете барған еркек, шы-

нында да, бақытты бола ала ма? Біреудің шаңырағын

шайқалтуға себеп болған әйел мәз бола ма? Алла тағала

олардың қалған өміріне береке бере ме?

Қалған әйел, бала-шаға жылайды, көз жасын көл

қылады. Уайымдайды. Тығырықтан шығатын жол

іздейді. Ана бейшара шырылдап отырған балаларының

ас-суын табуға бас қатырады. Бұрынғы әйелімнің

барлық жағдайын жасап қойдым дейтіндер бар. Ас-