Previous Page  39 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 39 / 192 Next Page
Page Background

39

Ажырасу себептері

Бүгінгі таңда көтерілген көп шаңырақтың шайқалып,

талай отбасының бұзылып жатқаны ақиқат. Тіпті жаңа

құрылған отбасылардың үштен бірі жанұяларына бір

жыл толмай жатып ажырасуда деген де дерек бар.

Біздіңше, мұның көптеген себептері бар. Бірақ негізгі

себебі Ислами құндылықтарға, ұлттық құндылықтарға

мән бермеу, Батыстық мәдениетке еліктеу деп

есептеймін. Сондықтан бүгін жанұяның шаттығына

бөгет болып, отбасының ажырасуына себеп болып

жатқан жағдайлардың бірқатарына тоқталайық.

Ажырасуға соқтыратын басты себептердің бірі

материалдық жағдай. Мысалы, ер адамның өз от-

басын дұрыстап асырамауы, олардың күнделікті

қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете алмауы

шаңырақты шайқалтпай қоймайды. Ал Ислам діні ер

адамға отын жинап сату арқылы болса да отбасын

асырауға бұйырады. Майлықожа ақын «Болымы жоқ

боз бала, Бейнеттен қашар бұлтаңдап» деп жалқаулықты

сынаған.

Ал кейде отағасы өз үйін шамасы келгенше бағып

отырса да, әйел кісінің оған қанағат етпеуі, атап

айтқанда, «көршілеріміз үлкен үй соғыпты», «жаңа

көлік алыпты», «жыл сайын шипажайда тынығады

екен» деген секілді сөздері отбасын ажырасуға дейін

апарып жатады. «Қылымсыған қатын қызыл көйлек

киедінің» керімен «мен жұрт секілді шашыма қарай

алмадым, тырнағымды баптай алмадым» деп күйеуінің

зығырын қайнататын жағдайлар да кездеседі. Ислам