36
Жанұя жарасымы
жамандықтың, адал мен арамның арасын ажыратудан
мақұрым. Бүгінгі қоғамның өздері секілді азғындардың
арқасында бүлініп жатқанын да олар ұға алмайды.
Тарихқа қарасаңыз, біздің халық талай рет жер
бетінен жойылып кетуге шақ қалған. Сол кезде біздің
арыс би-шешендеріміз бен батырларымыз қанын төгіп,
жанын беріп жүріп ұрпақтарын қорғап еді. Алысқа
бармай-ақ кешегі Саурық, Өтеген, Сұраншы батыр-
лар кім үшін жанын қиды?! Қалмақтар қазақтың бас
көтерер еркектерін қырып тастағанда, Төлеби бабамыз
тыныштық үшін оларға он бес жыл бойы салық төлеп
отырды. Ал өзі ауылда қалған бірен-саран еркектер-
ге үш-төрт әйелден қосып, бала санын көбейтуге күш
салды. Сол жылдары туылып, жалаң аяқ, жалаң бұт ша-
уып жүрген балаларға қарап отырып, еңкілдеп жылайды
екен, жарықтық. Осы балалар қашан ер жетеді, қашан
атқа қонады, қашан елін жаудан қорғайды деп арман-
дайды екен. Ал өзі тыныштықты сақтау үшін елдегі
әйелдердің жүзік, сақиналарына дейін жинап алып,
қалмақтарға беріп отырады екен.
Енді ойланайықшы, осының бәрі кім үшін? Осы-
лай елім деп еңіреп өткен қайран бабаларымыз өз
ұрпақтарының осыншалықты төмендеп кететінін ой-
лады ма? Еркектері қызға шапқанына мәз болады, ал
қыз-келіншектері тақымдары жалтылдап, ақша үшін
арын сатады деп ойлады ма?
Иә, қыздар біздің намысымыз, қазынамыз. Оларды
көзіміздің қарашығындай қорғауымыз керек.
Пәкістанда оқыған жігіттерден естідім: ол жақта қыз
балаға немесе әйелге бөтен бір еркек сұқтана қарайтын
болса, оны өзге еркектер жабылып сабап, ұрып тастай-
ды екен. Ол елде қыздың намысы – елдің намысы, ердің