31
Отбасы шаттығы
қаласақ та, қаламасақ та бүгінгі отбасылық түйткілдерге
қарсы бүкіл жұрт болып жұмылуға тиіспіз.
Ал енді бүгін шаңырақтың шайқалуына көп
жағдайда себеп болатын бір мінез төңірегінде әңгіме
қозғауға тырысайық. Ол – менмендік, тәкаппарлық.
Ерлі-зайыптылардың екеуі бірдей менмендік мінезіне ие
болса, ондай шаңырақтың ұзаққа бармасы анық. Себебі,
адам бойындағы ең қатерлі мінез – осы тәкаппарлық.
Адам түгіл шайтанның шайтан болуына да осы кесірлі
мінез себеп болған. «Мен, мен, өзгелердің бәрінен мен
артықпын», «менікі дұрыс, басқаныкі қате» деген пікір
адамды тәкаппар етеді. Негізінде, өзін өзгелерден артық
санайтын, өзімшіл мінезден арыла алмаған адам тек
отбасын ғана емес, дүниедегі барлық нәрсені бүлдіріп
бұзады. Тіпті өзге түгіл өз өмірін де быт-шыт етіп
күйретеді. Сол үшін Алла тағала өз құлдарын жаратқан
соң, не істесе соны істесін деп өз бетіне жібере сал-
май, оларға Құран, пайғамбар, ұждан деген секілді ұлы
құндылықтарды сыйлады. Сондықтан Құранда хабар
берілгендей, жер де, көк те, түн де, күндіз де, Ай да,
Күн де – бұл дүниедегі барлық жаратылыс адамның қол
астына, билігіне берілген. Бірақ адамның өзі Алланың
билігінде болуға тиіс. Алла тағала адамнан өзге ешбір
жаратылысқа Құран түсірген жоқ, пайғамбар жіберген
жоқ. Тек адам баласын ғана сондай ұлы артықшылыққа
бөледі.
Ендеше, Алланың құлы бола тұрып мен, мен
деп кеуде керуге ешбір адамның ақысы жоқ. Тіпті
өзіміздің кім болып жаратыларымызды білмейтін
кезімізде біздің кім болып пайда боларымызды Алла
білген. Ал тәкаппарлық деген мінез – сондай ұлы
Жаратушымыздың бізге шариғат етіп бекіткен дініне