29
Отбасы шаттығы
белгіленген уақыттары бар. Ал отбасымыздың әр минут
сайынғы істері маңызды.
Міне, осы тұрғыдан келгенде, өмірлік серік ретінде
кімді таңдаймыз, қандай отау құрамыз, ата-анамызға,
жанұя, бала-шағамызға қатысты міндеттерімізді қалай
орындаймыз? Осының бәрі сынақ. Түбінде бәріне жауап
береміз. Бойдақ кезімізде өз тамағымыздан өткен әр
азықтың адалдығынан сұралатын болсақ, үйленгеннен
соң отбасымыздың, бала-шағамыздың ішкен асына жа-
уаптымыз. Тек тамағы емес, киген киімі, сөйлеген сөзі,
мінезі, оқыған кітабы, араласқан достары, көрген кино-
сы – бәрі сынақ. Сондықтан үйленген күннен бастап,
Алланың разылығын табу басты мақсатымыз болғаны
жөн. Алла разылы дегенге мән бермей, біреудің көзі,
біреудің сөзі сұлу деп үйленіп алып, бір жыл толмай
жатып ажырасамын деп шығудан Алла сақтасын.
Сондықтан, үйленуді немесе ажырасуды ойға алған
жан, алдымен Қиямет күніндегі жағдайды ойлағаны
жөн.
Қысқасын айтқанда, адамзат баласының ер мен
әйелден тұратыны кездейсоқтық емес. Бұл Алланың
қалауы. Әйелді нәзік, еркекті күшті етіп жаратуы
кездейсоқтық емес. Әйелге аналық мейірім беріп, ер-
кекке аталық жауапкершілік жүктеуі мақсатсыз, бос
нәрсе емес. Алланың шариғаты. Ендеше, отбасылық
өміріміздің ақирет әлеміне қарай ашылған терезесін де
ұмытпауымыз керек.