24
Байлық – жүректе
Кез келген адам, қоғам немесе мемлекет үшін өз
құндылықтарын танып біліп, оның қадіріне жетудің
айрықша маңызы бар. Өйткені адамдық құндылықтарды
жоғалту өте баяу жүзеге асатын процесс болғандықтан,
кейде адамдар өзінің ең қымбат байлығынан айы-
рылып қалғанын да байқамай қалады. Міне, осы
тұрғыдан алғанда, біздің де отбасына қатысты талай
жоғалтқандарымыз бар. Әсіресе, көптеген рухани
құндылықтардан айырылған сыңайлымыз. Содан бол-
са керек, бүгінгі таңда жанұялардың берекесі қашып,
ұрыс-керіс көбейіп, ажырасқандардың саны артуда.
Енді егер жоғалтқан құндылықтарымызды іздеуге
кіріссек, оныИслам дінінен, мұсылмандықтан, Құраннан,
Пайғамбарымыздың өмірінен іздеуіміз керек. Бұрынғы
өткен ғұламаларымыз, дана халқымыз қалдырған
сөздердің, дастан-жырлардың да негізгі арқауы осы
қайнарлардан бастау алған. Мәселен, Алланың елшісі
(с.ғ.с.) мұсылман отағасының жанұя мүшелеріне қалай
қарауы керектігін бұйрықтары, кеңестері арқылы
білдірумен қатар, өз өмірінде де нақты істерімен көрсетіп,
барша мұсылмандарға үлгі болды. Хадис шәріптерінің
бірінде ер адамның әйеліне дұрыс қарауы керектігін
айқын білдіріп: «
Сендердің ең жақсыларың – отбасы-
на жақсы қарағандарың, ал араларыңда отбасына ең
жақсы қарайтын менмін
», – деген. Тағы бір хадисінде:
«
Ең жақсыларың – әйеліне жақсы қарағандарың
», –
дейді. Әнас ибн Мәлік атты саңлақ сахабалардың бірі:
«Өз жанұясына дәл Пайғамбарымыздай мейірбан жан