28
Отбасымыз – сынағымыз
Жаратылысқа ақиқат көзімен қарасақ, бұл дүниенің
ұлы бір сынақ алаңы екенін байқаймыз. Құранда Алла
тағала: «
Бүкіл билік қолында болған Алла – ұлы бе-
рекет иесі. Ол барлық нәрсеге құдіреті жетуші. Ол
өлімді және тіршілікті қайсысың қандай жақсылық
жасайсың деп сынау үшін жаратты
» («Мүлік» сүресі,
1-2 аяттар) деген.
Ендеше, біздің әрқайсымыздың тыныс-тіршілігіміз
түгел сынақ. Халық арасында тек қиыншылыққа тап
болған адамдар ғана тағдырдың сынағына ұшырайды
деген түсінік кездеседі. Ол дұрыс емес. Өйткені аят-
та бүкіл өмірдің сынақ үшін жаратылғаны анық айты-
лып отыр. Адам ауырған кезде, жақын-жұрағатынан
айырылып қалғанда, басына іс түскенде, көлік апатына
ұшырағанда ғана сыналмайды. Тек үйсіз-күйсіз бейшара
халде жүргендер ғана сыналмайды. Басқаша айтқанда,
адам баласы бұл дүниеге ойнап-күліп, қыдыру, көңіл
көтеру үшін келген жоқ. Жаратушы иеміздің ұлы сыны-
нан өту үшін келдік. Бұл дүниедегі мақсатымыз жетпіс-
сексен жылдық өмірді жалпағынан басып өтіп, топырақ
астына кіріп кету деп ойлаған адам қателеседі. Құдіреті
күшті Алла ондай баянсыз, мәнсіз нәрсе жаратпайды.
Олай болса, бақшадан алма үзіп жесек те, базарда сауда
жасасақ та, біреуге жақсылық жасасақ та, жамандық
жасасақ та барлық ісіміз сынақ. Құлшылығымыз, на-
маз, оразамыз – бәрі сынақ. Алайда сынақтардың ең бір
ауыр әрі жауапты түрі отбасымыз екенін бүгінде біреу
білсе, біреу білмеуі мүмкін. Намаздың да, оразаның да