27
Отбасы шаттығы
Міне, бұл айтылғандардан шығатын тұжырым,
мұсылман адам бақытты ғұмыр кешкісі келсе, өзіне
жар іздегенде, оның жүрек байлығына көп назар
аударғаны жөн. Ал үйленген соң жұбайының сол ру-
хани құндылықтарын бағалауы тиіс. Жүрекке сіңетін
шынайы иман, иба, әдеп, өзара түсіністік, шыдамдылық,
көркем мінез, жылы сөз мұсылман отбасының өміріндегі
ең асыл қазыналары болуы тиіс.
Сөз соңында тілеріміз, отбасын құрған жандардың
жүректері иманға, көңілдері бақытқа толсын. Еліміз
аман, жұртымыз тыныш болсын.