22
Жанұя жарасымы
үйіргені де бар. Тіпті қарны ашып, әлі құрығаны сонша,
тік тұруға шамасы келмей, намазын отырып оқыған
кездері де болған. Сондай-ақ шидің үстінде жатып
тынығатыны оның шалқып өмір сүрмегенін аңғартады.
Демек, Алла елшісі барға қанағат, жоққа сабыр етудің
үлгісін алдымен өзі көрсететін. Осынау жүдеу тіршілікке
қарамастан Айша анамыз да, Фатиматуз-Зәһра да Алла
елшісін (с.ғ.с.) жанынан артық жақсы көруші еді. Ен-
деше, отбасы шаттығының тағы бір сыры балалық,
әкелік, жұбайлық махаббатта жатыр. Алла елшісі (с.ғ.с.)
тәрбиенің өзіндік механизмі арқылы олардың жүрегіне
соншалықты айнымас жақындық пен мәңгілік қимастық
сезімін орнатты. Міне сол жақындық сезімі толқындана
келіп, бірте-бірте бүкіл жаһанға жайылып, әрбір
мұсылман жүрегінің төрінен орын алды. Өзі өмірден
өтерде де артындағы отбасына зәулім сарай, мол мирас
қалдырып кеткен жоқ. Оның отбасы сол баяғы бір-екі
ғана бөлмелі тар үйде тіршіліктерін жалғастыра берді.
Енді ойлап көрейікші, Алла тағала Пайғамбарымызды
(с.ғ.с.) барша ғаламдарға рахым нұры етіп жіберген.
Мына дүние сол асыл жанның құрметіне жаралған десек
те қателеспейміз. Бірақ сонысына қарамай ол өмірге
келген сәті мен дүниеден өтер кезіндегі тұрмысында
айырмашылық болмаған тап-таза қалыпта мәңгілікке
көшті.
Әрине, Пайғамбарымыз қаласа бай болып та күн
кешуіне болар еді. Алайда өзінен кейінгі ел билеушілер
мен отбасы басшыларына үлгі болу үшін осындай
қанағатшыл өмірді таңдап еді. Алайда бұдан Ислам
дінінде дәулетті болуға рұқсат жоқ деген қорытынды
шықпайды. Бай болма деп те ешкімді үгіттемейміз.
Айтпағымыз, отбасының бақыты басқаға емес, жүрек