17
Ақ некенің бұзылғаны кімге керек?
Ислам дініндегі ең маңызды құндылықтардың бірі
– адал неке. Неке адамзат тарихында алғашқы адам-
нан, яғни Адам атамыздан бері жалғасып келеді. Неке
немесе отбасы адам баласы үшін өте-мөте қасиетті
ұғым. Өйткені отбасы екі бірдей адамның екі дүниелік
тағдырына қатысы бар нәрсе. Екі түрлі табиғаттағы екі
адамның Алланың алдында, неке куәгерлерінің және
екі жақтың туған-туыс, дос-жарандарының алдында өз
қалаулары бойынша, бір-бірінің ризашылығымен тек
бұл дүниеде ғана емес, арғы өмірде де бірге боламыз
деп жария уәде беруін «неке» дейміз.
Неке адамдардың өмірлік тағдыры болғандықтан,
онда міндетті түрде Алла тағаланың қалауы бар деген
сөз. Ендеше, отбасын құрған адам ең алдымен оның
Алла тағалаға, Ислам дініне қарайтын жағын еске
алуы керек. Бұл жағын ескерген жан өз некелі жарын
бір жыл, екі жыл немесе жиырма жылдық деп емес,
қайтыс болған күніне дейін бұл өмірде, одан соң арғы
өмірде серігім болады деп қабылдауы керек. Олай бол-
са, үйлене салып ажырасу деген түсінік дұрыс емес.
Бұрынғы ата-бабамызда ажырасу деген ұғым жоқ еді.
Өйткені олар некенің осындай қадір-қасиетін жақсы
түсінген. Ал бүгінгі жағдай баршамызға мәлім.
«Үйленер кезде байқамаппын, әйелімнің мінезі жа-
ман екен, аяқ-қолы қисық екен, еріншектеу екен, сөздері
дөрекі екен» немесе т.б. себептерді сылтауратып, ажы-
раса салуды оп-оңай санайтындар аз ұшыраспайды.
«Күйеуім әйел секілді әр нәрсеге араласа береді, азық-
түлігімді қамтамасыз ете алмайды, т.б.» деп әйел де