Previous Page  12 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 192 Next Page
Page Background

12

Жанұя жарасымы

алады. Бірақ мұның жалғыз ғана шарты бар: ол бүкіл

дүниеге материалистік емес, мұсылмандық көзқараспен

қарау.

Қасиетті Құранның мына бір аятына қараңыз:

«

Шын мәнінде, көктер мен жердің жаратылысын-

да, түн мен күннің алма-кезек ауысуында, сондай-

ақ адамдарға пайда келтіру үшін кемелердің теңіз

бетінде жүзуінде, Алланың көктен жаңбыр жауды-

рып өлген жерді тірілтуінде және оның үстінде әр

алуан жан-жануарларды таратып қоюында, желдің

құбылуы мен жер мен көк арасында бұлттардың

көшуінде ақыл иелері үшін Алланың бар және

жалғыз екендігін білдіретін ап-айқын дәлелдер бар

»

(«Бақара» сүресі, 164-аят).

Ендеше, аталмыш табиғи құбылыстардың барлығы

да адамдарды мұсылмандыққа тәрбиелеуде деген

сөз. Алланың бар екендігіне иланған кісі түсірген

Құранына да шәксіз сенеді. Құранға иман келтірген

адам мұсылмандық өмір сүрудің шынайылығына көз

жеткізе береді.

Тәрбие – Алланың құлдарына нәсіп еткен ең ұлы

нығметтерінің бірі. Құдайын танымайтын адам өмірдің

мың түрлі сынақтарын көре-көре өмір ақиқатына көз

жеткізе бастайды.

Міне, осы ақиқат тұрғысынан келгенде, тәрбиелі

болу үшін міндетті түрде жоғарғы оқу орнын тәмамдау

шарт емес. Алысқа бармай-ақ көшпелі өмір тіршілігін

кешкен ата-баларымыз өмірлік тәрбиені универси-

тет, академия қабырғасында емес, қара жердің үсті

мен көк аспанның астында жүріп алды. Олар «дала

академиясының» тәрбиесімен өтті.