13
Отбасы шаттығы
Енді салыстырып көрейік, қай дәуірдің тәрбиесі
күшті болған? Мұсылмандыққа, шығыс тәрбиесіне
ескіліктің қалдығы деп қараған кездерден бастап адам-
зат баласы қандай жетістіктерге қол жеткізді? Бүгінгі
өмірдің кез келген саласына көз жүгіртіп көріңіз.
Алдау, арбау, көз бояу қайдан шықты? Арақ-шарап
судай ішіліп, темекі мен есірткінің әдетке айналуы
қалай пайда болды? Баланың шеше мен әкеге әкіреңдеп
сөйлеуі қай тәрбиенің жемісі? Ерлі-зайыптылардың
бір шаңырақ астында бір жылдан артық тұра алма-
уы қай тәрбиенің пайдасы? Қарабастың қамы үшін
кез келген қылмысқа ойланбай баратындар қайдан
шықты? Жалаңаш саны мен төсін бүкіл еркек атаулыға
мақтанышпен көрсететін түсінік бізге қайдан жұқты?
Маңдай терін төгіп еңбек етуден қашатын, жеңілдің
астымен, ауырдың үстімен жүргенді еп көретін еркектер
қай тәрбиенің өкілдері? Іштегі баланы алдыру, жасан-
ды түсік, туған баланы жетімдер үйіне, қартайған ата-
ананы қарттар үйіне тоғыту – дала тәрбиесінде бар ма
еді? Ұрып кету, пышақтап кету, дарға асылу – бұларды
да Алланың тәрбиесі болмаса, өзге тәрбие құралымен
түзету мүмкін емес.
Міне, осыларды ескере келгенде, біздің қоғам
қандай тәрбиеге мұқтаж екенін өзіңіз шешіңіз, құрметті
оқырман! Біздікі жай ғана ой салу!