Previous Page  8 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 8 / 192 Next Page
Page Background

8

Жанұя жарасымы

замандастарымыздың жұртты қынжылтатыны да рас.

Әлбетте, қалыптасқан осы бір жағдай үшін заманды да,

заңды да кінәлаудан аулақпыз. «Әр заманға бір зауал»

дегендей, бәлкім, бұл жүректің қатайғаны, мейірімнің

азайғаны, көзден бір тамшы жас ақпай суалғанынан

шығар. Қамсыздық, уайымсыздық шығар. Қара басты

күйттеуден аса алмау немесе бүгінгі ұрпақтың ертеңіне

атүсті қарағандық болар. Әйтеуір, мәселе, адамның

өзінде болып тұр. Тура жолынан тайып, адамдықтан

адасудың ақыры жақсы болмайды. Мұның барлығы,

әрине, рухани жұтаңдықтан туындаған өкінішті

жағдайлар. Қайран кешегі Бұқарлар мен заманын биікке

жетелеген Абайлар бүгінгі жағдайымызды көрсе, әрі

өтсе бір жылап, бері өтсе бір жылап, көз алдары бір

құрғамай өтер еді-ау! Ал енді бұл қоғам өзінен кейін

қандай қоғам қалдырмақ? Ертең біздің бала-шаға,

ұрпағымыз қандай жағдайда ғұмыр кешеді? Қысқасы,

осындай шешімі қиын бір күйге тап болдық. Өткенге

салауат. Енді не істеу керек? Руханияттың қайнар баста-

уы – ата-бабамыз ғасырлар бойы ұстанып келген асыл

дініміз деп илансақ, онда бұл мәселелердің шешімін де

сол шариғаттың заңдарынан іздеу керектігі қисынды.

Шынында да, қайсыбір халық дәстүр сабақтастығы

мен рухани құндылықтарына немқұрайлы қараған

сайын ол елде жеке адамға, отбасыларға, толықтай

қоғамға қатысты күрмеуі қиын мәселелер арта

беретіні анық. Сондықтан елдік мұрат тұрғысынан

момын жұртымыздың келешегі үшін қам жесек, онда

әр шаңыраққа мұсылмандық талаптарды үйретуге,

жеткізуге талаптануымыз қажет. Осы мүддеге сәйкес,

қазіргі таңда насихаттың бір түрі кітап болғандықтан,

еліміздегі отбасылық түйткілдер мен олардың шешім