6
Жанұя жарасымы
мақалалар осы еңбекке арқау болып отыр. Әрине, бұл
тынымсыз һәм тыңғылықты еңбекті қажет етеді.
Біз, қазақ, өніп-өскен, өнегелі де тәрбиелі елміз.
Қазақтың пейіліндей кең даласында талай-талай даныш-
пандар, парасатты ақылмандар ғұмыр кешкен. Олар-
дан қалған тәлім-тәрбие ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып
келеді. Кез келген елдің маңдайына дәл мұндай бақыт
жазылмаған. Қазір біз соның қадіріне жетіп, үдесінен
шығуымыз керек. Бұның бәрін неге айтып отырмыз?
Себебі бұл кітапқа енген мақалалардың өн бойында
қазақтың озық дәстүр-салттары мен ұлттық таным-
түсініктер де орын алады.
Кітаптың тағы бір ерекшелігі, мақалалардың
көпшілігі дұға-тілекпен тәмамдалады. «Жақсы сөз –
жарым ырыс» демей ме атамыз қазақ. Ендеше, лайым,
жасалған дұғалар қабыл болғай.
Авторға шығармашылық табыс тілейміз.
Баспадан