Previous Page  5 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 5 / 192 Next Page
Page Background

5

Алғы сөз

Бүгінде біз рухани құндылықтарға кенеземіз кеуіп,

шөлдеп отырған халықпыз. Ғасырлар бойы жиналған

мол қазынамызды кешегі кеңес кезінде өз қолымызбен

күресінге шығардық. Қазына дегенде алтын-күміс,

гауһар тастарымызды емес, өмірімізге арқау болатын

рухани құндылықтарымызды жоғалттық. Жасыратын

несі бар, бірталай жыл шықпа жаным шықпа деумен күн

кешіп келдік. Мұның атын «жазмыш» дейді. Құдайға

шүкір, енді-енді еңсемізді тіктеп, етек-жеңімізді жи-

нап, өз алдымызға ел болып жатқан жайымыз бар. Енді

жоғалтқан құндылықтарымызды түгендеуге тиіспіз.

«Жанұя жарасымы» деп аталатын қолыңыздағы кітап

осы мақсатта жазылған дүние. Еңбекте бүгінгі қоғамда

көрініс беріп жүрген кейбір мәселелер көтерілумен

қатар, оның шешім жолдары қоса ұсынылады. Мыса-

лы, «Ақ некенің бұзылғаны кімге керек?», «Байлық –

жүректе», «Тәкаппарлықты таста, отбасыңды сақта»,

«Қыздарға бару еркектік пе?» деген тақырыптардың

өзі біраз жайттан хабар бермей ме?

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген Мұхаңның

сөзін де көп естиміз. Бірақ ол бесікті қалай түзету

керектігіне көбіне мән бермейміз. Бұл кітапта бала

тәрбиесі не үшін қажет, қашан басталуы тиіс, ол жағынан

қандай олқылықтар жіберіп жүрміз, құрсақтағы тәлім,

әдеп дәрістерін қай жастан үйретеміз, ат қою, ақиқа

шалу, емізу секілді мәселелер қысқа әрі нұсқа түрде

жинақталған. Одан бөлек, балаға жақсы ана таңдау,

перзентті көпшіл етіп тәрбиелеу, т.б. танымдық