7
Кіріспе
Бауыр еті баласының болашағын ойлап, қам
жемейтін отбасылар кем де кем шығар. Ешбір ата-
ана баласын жамандыққа қимайды. Алайда кейде
бұл дүниеде отбасымызбен жарасып, шат-шадыман
ғұмыр кешу үшін бейнет етіп, тер төгу қажеттігін
ұмыт қалдыратын секілдіміз. Айналамызда күн сай-
ын көріп жүрген түйткілдер бізді осындай ой түюге
мәжбүр етеді. Бұрынғы көнекөз ата-әжелеріміздің
тірі кезде көз көріп, құлақ естіп көрмеген ұнамсыз
жағдаяттарға бүгінде етіміз де үйреніп бара жатқаны
шындық. Мәселен, біреудің ұлы ажырасып кетіпті,
біреудің қызы қайтып келіпті деген ағайынның сөзі
ілгеріде сүйекке түскен таңбадай сезілетін. Ал қазір
дәм-тұзы жараспай қалған жас шаңырақтарды санап та-
уысу мүмкін болмай қалды. Артына жылатып, еңіретіп
тірі жетімдерді қалдырып, өзге әйелдің жетегінде кет-
кен қаншама еркектер бар. Біреудің отанын ойрандап,
ерлі-зайыптының арасын бұзып жүрген әйел жұрағаты
да жеткілікті. Қыздарға барғанын мақтаныш көретін
«көкелердің» көбейе бастағаны да жасырын емес.
Үлкендер сөйтіп қу нәпсінің жетегінде түрлі хикаялары-
мен әуре-сарсаңға түсіп жүргенде, екі ортада жас ұрпақ
тәрбиеден жұрдай қалып жатқан жағдайлар көріне ба-
стады. Енді бұған отызды асып, қырықты алқымдаса да
үйленбей, тұрмыс құрмай, соқа басы сос тиып жалғыз
жүрген бойдақтарды қосыңыз. Мал табам, мансап қуам
деп жүріп отбасын құру, дүниеге ұрпақ әкелу секілді
адамның негізгі міндеттерін естен шығарып жүрген