Previous Page  11 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 192 Next Page
Page Background

11

ОТБАСЫШАТТЫҒЫ

Тәрбиеге кім мұқтаж?

Қоғамда тек қана балаларға ғана қажет деген

түсінік байқалады. Шындығында, солай ма? Біздіңше,

тәрбиеге жас та, кәрі де, бала да, қария да мұқтаж. Тіпті,

қазір нағыз тәрбие баладан бұрын ата-анаға керек де-

сек қателеспейміз. Қарапайым жұмысшы да, ғалым

да, дәрігер де, заңгер де, тіпті жұртқа тәрбие беретін

мұғалімдердің өзі түптеп келгенде шын тәрбиеге ауадай

зәру. Өйткені өзінің жүрегінде ізгілікті тәрбиесі жоқ

адам өзгелерге қандай жақсылық үйретуі мүмкін?!

Бірақ мұндай кең көлемдегі тәрбиені Ислам дінінен

ғана табуға болатынын кейбіреулер білмейді. Білсе де

мойындағысы келмейді. Исламның үйрететіні қандай

тәрбие?

Алла тағала әр түрлі сынақтарға салу арқылы

құлдарын тәрбиелейді. Қасиетті Құранның әрбір аяты

кісінің рухын тәрбиелейді. Адамзаттың ұстазы, ардақты

Мұхаммед пайғамбарымыз(с.а.с) әрбір сөзі мен ісі,

өмірінің әрбір сәті арқылы адамзатты тәрбиелейді. Қарап

отырсақ, Алланың жіберген түрлі ауыртпашылықтары

арқылы да адамзат баласының жан дүниесі тәрбиеге

келіп, кемелдене түседі. Олай болса, бізді қоршаған

бүкіл жаратылысты тәрбиенің көрнекі құралы деп

санауға болады. Тау мен тас, өзен мен көл, Ай мен Күн

– бәрі де біздің рухымызды жетілдіру құралдары бола