Previous Page  16 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 16 / 192 Next Page
Page Background

16

Жанұя жарасымы

де адамдар бір-бірінің дініне, тәрбиесіне, ішкі жан

дүниесіне, ар-ұятына қарамай, тек түрі мен келбетіне

қызығып үйлене салады да, аз ғана уақыт ішінде түсінісе

алмай, келісе алмай, ұрыс-керістерге бой алдырып,

ақыры ажырасумен аяқталып жатады. Бұл әрине ата-ана

үшін де, қоғам үшін де үлкен қайғы. Мақсатсыз құрылған

отбасы әдемі басталғанмен, бір күні гүрс етіп құлауы

мүмкін. Ал енді мақсатқа келер болсақ, отбасының

әуелгі мақсаты Алла тағаланы разы ететін, ақыретте

Пайғамбарымызды қуандыратын ұрпақ, жетілдіру бо-

луы керек.

«Үйленіңдер, көбейіңдер, мен қиямет күні

үмбетімнің көптігімен мақтанамын»

деген хадисте

осы мақсат анық білдірілген. Сүйікті пайғамбарымыз

бұл хадисте үмбетінің тек санымен ғана мақтанатынын

айтып отырған жоқ. Үмбетінің өзін қуандыратындай

ізгі ниетті, адал, құлшылығы мол, жаны мен тәні таза,

көркем мінезді т.б. жақсылықтарды тал бойына жинаған

ұрпақ болуы тиіс деп талап қойып отыр. Алла тағала

еліміздегі отбасылардың осы талаптарға сай болуын

жазсын!