Previous Page  20 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 192 Next Page
Page Background

20

Жанұя жарасымы

Бұл қырынан келгенде, асыл дініміздегі халал, харамға,

сенімге, туыстық қатынасқа, жалпы күнделікті өмірімізге

қатысты қағидалардың көпшілігі отбасының айнала-

сында екендігі анық.

Әркім отбасындағы өзіндік тыныс-тіршіліктері

арқылы өзгелерден ерекшеленеді. Бір адамның мұсылман

отбасына жататындығы да оның осы саладағы өмірінен

көрінеді. Мәселен, арақ, темекі, сыра, шошқаның еті,

т.б. демей кез келген нәрсені талғамай ішіп-жей беретін,

әурет жерлерім ашылып қалатын болды деп уайымда-

май кез келген киімді кие салатын, өтірік, өсек яки жала

екендігіне қарамай кез келген сөзді сөйлей салатын

адамдарды ә дегеннен мұсылман отбасынан шықты деп

бағалай алмаймыз. Өйткені бұл істер Ислам заңдарына

қайшы. Ендеше, адамдар өзінің мұсылмандық сипа-

тын сақтап қалу үшін отбасы мәселесінде де өте мұқият

болғаны жөн.

Бұл айтылғандар ерлі-зайыптылардың үйлену

арқылы қаншалықты ұлы іспен айналысып жүргенін

байқатады. Неке мен отбасы осындай ұлы құндылық

болғандықтан, лағынет атқыр шайтанның әрдайым оны

бұзуға әрекет жасайды.

Өйткені шайтанға не керек? Әркімнің әр жерде

әупілдесіп, ұрысып, керісуі керек. Күштінің әлсізді

жәбірлеп, езіп жаншығаны қажет. Адамдар арасында

мәңгілікке жалғасатын ерегестің болғаны керек. Олай

болса, ойланып көрейікші. Бұл айтылғандар бізге қажет

пе? Міне, мәселенің ең маңызды тұсы осы!