25
Отбасы шаттығы
көрген емеспін» деп еске алады. Ал иман, көркем мінез
және отбасы мүшелеріне жұмсақ қарау тұрғысынан
ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына бір хадис-
мұсылман үшін мызғымас қағида болуы тиіс. Ол хадис
те: «
Мүминдердің иман тұрғысынан ең кемелі – мінезі
ең көркем болғаны және отбасына жұмсақ қарағаны
»
делінген.
Олай болса, мұсылмандық тұрғыдан алғанда,
үйлену, ең алдымен, Алланың бұйрығына бойұсынудың,
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) соңынан ерудің бір белгісі.
Үйлену – Алланың үлкен нығметтерінің бірі. Ер аза-
мат үшін күнәлі істерден, бұзақылықтан, некесіз жеңіл
жүрістен, улы көздерін бөтен әйелге қадаудан аулақ
болудың бір жолы. Ал әйел үшін күйеуінің разылығын
табу арқылы Алланың разылығына бөленудің бір
амалы. Үйлену – перзент сүйіп, ұрпақ жетілдірудің
де алғышарты. Сондай-ақ ізгі отбасын құру – күшті
бір мемлекеттің іргетасын қалаумен тең. Ал мықты
отбасының құрылуы мен оның бақытты жалғасымы
үшін материалдық жетістіктерден бұрын рухани байлық
қажет екендігі анық. Өйткені бақыттың да, байлықтың
да орны жүрек. Ендеше, ерлі-зайыптыларға айтары-
мыз бақытты сырттан емес, жүректен іздеген жөн. Сол
бір жапырақ жүрек бай болса, адамның өмірі де мәнді
болады. Отбасын құруға жар іздегенде де осы жүрек
байлығына мән берудің маңызы зор.
Осы талапқа сай отбасын құрып, берекелі өмір
сүрудің жарқын үлгісін бізге Алланың елшісі (с.ғ.с.)
көрсетіп берді. Мысалы, өмірде әйелдердің тұрмыс
тауқыметіне, отбасылық қиыншылықтарға, өзге де
әлеуметтік себептерге шыдай алмай күйеуіне шағым
жасайтын кездері көп кездесіп жатады. Алайда Алла