30
Тәкаппарлық – отбасын
шайқалтатын кесір
Иә, ерлі-зайыптылардың отбасылық жағдайлары
бүгінгі қоғамда өткір тұрған маңызды мәселелердің
бірі. Өкінішке қарай, шаңырағы шайқалған бақытсыз
жандардың саны күн өткен сайын азайып отырған жоқ.
Көбейіп отыр.
Кез келген қоғам отбасылардан құралады деген
қағида баршамызға мәлім. Отбасылар жақсы болма-
са, қоғам да жақсы болмайды. Отбасылар бақытты
болмаса, қоғам да бақытты бола алмайды. Ресми ста-
тистика бойынша құрылған әрбір жүз отбасының от-
ызы үйленгендеріне бір жыл толмай жатып ажырасу-
да. Шынын айту керек, бүгінгі қоғамның көп бөлігін
асыраушысыз қалған жесірлер, әйел жылылығынан
айырылған күйеулер, көздері жәутеңдеген тірі жетімдер
құрап жатыр ма деп алаңдаймыз. Енді не істеу керек?
Қайтсек, ажырасу кесепатының алдын аламыз? Міне,
бұл сұрақ бәрімізді мазалауы керек, түн ұйқымызды
қашыруы қажет? Бәріміз де соған мүдделіміз. Өйткені
әр адамның өзі де, бала-шағасы да, туған-туыс,
ағайындары да бәрімізге ортақ қоғамның мүшесі. Өз
отбасым аман болса, қалғаны күл болмаса, бүл болсын
деген өзімшілдік тұжырым түбегейлі қате. Мысалы,
біздің бала-шағамызды оқытатын мұғалімдер, ауыра
қалса емдейтін дәрігерлер, олармен бірге доп ойнайтын
достары белгілі бір отбасының мүшелері. Қалай деген-
де де, бір отбасының күнделікті тіршілігі екінші бір
отбасының мүшелерімен тамырласып жатыр. Сондықтан