Previous Page  32 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 32 / 192 Next Page
Page Background

32

Жанұя жарасымы

тиісті көңіл бөлмей теріс қарау деген сөз. Сол үшін

Алла тағала «Инфитар» сүресінде: «

Әй, адам баласы,

сені осыншалықты жомарт Раббың туралы алдаған,

аздырған, адастырған не нәрсе?

» деп бұйырады.

Ендеше, қасиетті дінімізде тәкаппарлыққа

салынудың жөні жоқ. Шариғаттың ұсынатыны

кішіпейілділік пен сыпайылық. Отбасында әйел де,

еркек те кішіпейіл болса, қарапайым болса, онда от-

басы да оңайлықпен бұзылмайды. Алла тағала барлық

отбасылардың тәкаппарлық кесірінен сақтасын.