Previous Page  33 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 33 / 192 Next Page
Page Background

33

Тәкаппарлықты таста,

отбасыңды сақта!

Қысқа күнде қырық ойласаң та, санамызға сый-

майтын, ақылымыз жетпейтін бір сауал бар. Ерлі-

зайыптылар бір-бірін таңдап үйленген соң, Алланың

алдында ақ некелері қиылған соң неге осы ажырасады?

Алланың өзі орнатқан «отбасы» деген құрылымды неге

бұзады? Не жетпейді? Асықпай отырып ойланайықшы,

шаңырақ шайқалтуға лайық не себеп бар? Айналамызда

отбасынан жылылық іздеп, бірақ таба алмай жүргендер

күн санап көбейіп отыр. Әйелім бағынбайды, күйеуім

алдап жүр, ата-аналар араласып кетті, ақшамыз тау-

сылды, қонаққа бара алмай қалдым, т.б. себептер ер

мен әйелді күйзелтіп бітіретін болды. Өз өмірімізді

жап-жақсы қылып ұйымдастыруға тырысайықшы.

Байқауымша, осыған көп кедергі келтіретін нәрсе

тәкаппарлық. Қанша отбасылармен сөйлестім: не ері,

не әйелі тәкаппар секілді. «Сіз енді бір саты төмендей

салыңыз, көне салыңыз. Тату-тәтті өмір сүріңіздер»

десек, екінің бірі көбінесе көнбей отырады. «Жоқ, –

дейді, – мен оны кешіре алмаймын!» Не әйел, не еркек,

я болмаса екеуі де осыны айтады.

Сонда қалай болғаны? Екі ортада жылап жүрген,

достарының бетіне қарай алмай тірі жетім болып

жүрген балалар да жүректерді жібіте алмағаны ма? Не

деген тастай қатып қалған жүректер бұл? Рас, нәпсінің

азғыруымен арам іске барып жүрген опасыз еркекті

кешіру қиын шығар? Қит етсе, төркініне шаба жөнелетін,

ә десе, мә деп жауап қайырып отыратын әйелді кешіру