35
Қыздарға бару еркектік пе?
Аллаға шүкір, «Арым – жанымның садағасы» дейтін
өр намысты халықтың ұрпағымыз. Алайда соңғы кез-
дерде қазақтың қыздарында ар-ұят, ал еркектерінде на-
мыс азайып бара жатқандай көрінеді. Кейде үп-үлкен
көкелеріміздің өзі жас қыздардың намысын қалай тап-
тап жүргенін айтып мақтанады. Жас жігіттердің ара-
сында қаншалықты көп қызға барса, өзін соншалықты
абыройлы санайтындар кездеседі. Шындығында, со-
лай ма? Әрине, жоқ! Себебі өзінің некелі әйелінен өзге
қыз-келіншектерге асылу – барып тұрған намыссыздық,
арсыздық, азғындық,тіпті хайуаннан да төмен деңгейге
түсушілік.
Алла тағала Құранда былай деген: «
Негізінде, Біз
жаһаннам оты үшін көптеген адамдар мен жындарды
жараттық. Олардың жүректері бар, бірақ (ақиқатты)
сезбейді. Көздері бар, бірақ (жақсылықты) көрмейді.
Құлақтары бар, бірақ (Алланың сөзін) естімейді.
Олар хайуан секілді. Тіпті одан да төмен. Міне, нағыз
бейқам жандар, солар
» («Ағраф» сүресі, 179-аят).
Кез келген сау адам өзінің туған қызын, қарындасын
немесе әпкесін біреулер қорласа, ашуланады. Бірақ
өзі біреудің туған қызын, қарындасын, әпкесін, тіпті
біреудің некелі әйелін алдап, арбап төсекке тартқанда,
ештеңені ойланбайтын болса, оның қай жері адам? Он-
дай адамда жүрек те, көз де, құлақ та жоқ. Нәпсіден
өзгені ойламайтын, туған елінің қыздарын қорғаудың
орнына қорлап жүрген ондай азғындар отанды да
қорғап жарытпайды. Өйткені олар жақсылық пен