Previous Page  40 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 40 / 192 Next Page
Page Background

40

Жанұя жарасымы

діні мұндай қанағатсыздыққа да тыйым салған. Ақын

бабаларымыздың:

Жаман қатын жігіттің

Тайдырады табанын,

Тар қылады заманын, деп жырлауы да осыдан болса

керек.

Отбасының бұзылуына көп жағдайда ерлі-

зайыптылардың бір-бірін алдап, өтірік айтып, өзара

сенімнен айырылуы да себеп. Бір-бірінің күнәлі іске

барғаны жайлы күмәнданатын ерлі-зайыптылар аз

кездеспейді. Босағаны пәк аттамайтын қыздар да жоқ

емес. Сондықтан күйеулері кейде әйелінен безінеді.

Ал Ислам діні ер мен әйелді әрдайым адалдыққа, ар-

намысына кір жұқтырмауға шақырады. Зина күнәсін

жасамау былай тұрсын, зинаға апаратын жолға

жақындамауды бұйырады. Сондықтан келешектен үміті

бар қыздар жеңіл жүріске салынбай, етек-жеңіне қарап,

ар сызығын аттамай жүруге көңіл бөлгені жөн.

Ерлі-зайыптылардың перзент сүймеуі де шаңырақ

шайқалуына әкеліп жатады. Өйткені бала ата-ананың

көз қуанышы. Перзентсіз отбасында уайым-қайғы

көп болады. Келіндердің құрсақ көтермеуіне олардың

қалай болса солай, ашық-шашық, жеңіл киініп жүріп,

жатырларына суық тигізулері де бір себеп. Ал негізінде

перзент сүймеу ажырасуға түрткі бола алмайды. Он-

дай күйдегі отбасылар Алладан перзент сұрап дұға

етулерін тоқтатпағандары дұрыс. Құранда Зәкәрия

пайғамбардың қартайған шағының өзінде: «

Уа, Раб-

бым, сүйегім қаусап, шашым ағарды. Уа, Раббым,

Саған тілек етіп жалбарынудан күдер үзген емеспін.

Шынында, мен артымда қалатын жақындарымнан

(мұрагер бола алмайды деп) қауіптенем. Ал әйелім