45
Отбасы шаттығы
ауқатын әпергенмен, оларға әкелік мейірімді енді кім
төгеді? Ол бала енді мектебінде оқитын достарының
бетіне қалай қарайды? Әкем бізді тастап кетті дей ме?
Өзге әйелмен кеткендер, өтінем, ренжімеңіздер. Бірақ
сіздерге қояр сұрағым бар.
Әу баста біреудің аяулы қызын алып, үйіңізге
•
әкеліп, оның пәк өмірімен қоштасуына себеп
болғаныңыз есіңізде ме? Сіз болмағанда, ол қыз
сол кезде бар өмірін басқа бір намысты ер азаматқа
арнамас па еді?
Ата-ана, бауырларын тастап, сізбен бірге кете
•
барды. Сіздің айтқаныңызбен жүріп-тұрды. Сіз
қиналсаңыз ол да қиналды, қуансаңыз ол да бірге
қуанды.
Алған жарыңызды қанша рет ренжіттіңіз? Есіңізде
•
ме? Сөйтіп жүріп сіздің жағдайыңызды жасап,
тамағыңызды беріп, киіміңізді тазалап берді.
Сіздің артыңызда атыңызды, әулетіңізді
•
жалғастыратын, қайтыс болсаңыз артыңыздан
Құран оқитын перзентті сол әйел тоғыз ай қиналып
құрсағында тасыды. Есіңізде ме?
Туған-туыс, достарыңыз келгенде, талай рет сол
•
әйел аяғынан тік тұрып қызмет етті. Солай емес
пе?
Осылайша жарты немесе одан да көп ғұмырын сіз
•
секілді біреудің жолына арнады. Сіз болмағанда,
осындай беймаза күйге түсер ме еді?
Ал енді болар істі болдырып, бояуын сіңдіріп алған
соң: «Мен басқа әйелмен кетемін» деп сондай адамның
нәзік жүрегіне қаяу түсіру еркек адамға жараса ма?