47
Мәселенің ақиқаты қайсы?
АрдақтыПайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір күні: «Сендердің
ең жамандарың кім екенін айтайын ба?» – деді. Саха-
балар: «Әрине, айтыңыз, уа, Алланың елшісі!» – деді.
Сонда ол: «Адамдар арасына сөз таситын, өсек тарата-
тын, бір-бірін сүйетіндердің арасын бұзып, араз ететін
және жазықсыз адамдарға жөнсіз кінә артатындар» деп
жауап берді». Тағы бір хадисте: «Екі кісінің арасын
бұзуға тырысатындар жұмаққа кірмейді», – делінген.
Енді ойлап көрейік. Адамдардың ең жаманы болу,
жұмаққа кіре алмау – бұлар оңай немесе бекер айтыла
салған сөздер емес. Сондықтан әркім өзінің отбасы-
мен бақытты болсын. Өзгенің жанұясын бұзудан аулақ
болайық. Ал еркектер Алла алдында некеміз қиылған өз
жұбымызбен бақытты болуға тырысайық. Алла момын
елімізді намысты еркектер мен арлы әйелдерден кенде
қылмасын!