42
Жанұя жарасымы
жасауға әдеттеніп кетуі, бала-шағаның қажеттіліктерін
мүлде ескермеуі көп жағдайда отбасының ажырасуы-
мен аяқталады. Бұл аталған әдеттердің бәрі дінімізде
қатаң тыйым салынған күнәлі істер. Ислам діні ажырасу
секілді сүйкімсіз істердің орын алмауы үшін, қоғамның
тыныш әрі салауатты болуы үшін бұл күнәларға тыйым
салған. Демек, бұл да шешілсе, тек мұсылмандықпен
шешілетін проблема. Бұрын бұзақылықтың түр-түрін
әдет еткен адамдардың мұсылмандыққа берілу арқылы
қатты өзгеріп, мінезін түзеткені жайлы қуанышты жайт-
тарды көп естиміз. Бұл да асыл дініміздің кәмілдігі мен
адам тәрбиелегіш қуатының жарқын белгісі.
Сондай-ақ кейде жаңа құрылған отбасының
бұзылуына екі жастың туыстарының арасындағы
түсініспеушілік те себеп болатыны өкінішті. Дұрыс
той жасамады, жақсы киіт кигізбеді, құдалықты
жақсы күтпеді деген секілді болмашы сөздер ерлі-
зайыптылардың бүкіл өмірін қор етеді. Отбасылық
тату-тәтті өмірмен салыстырғанда бұл кәделердің
түкке алғысыз екендігін құдандалы ата-аналар естен
шығармаса екен.
Отбасын құрған ер мен әйелдің бірі өз бақытын
сырттан, көшеден, өзге адамнан іздейтін жағдайлары
да бүгінгі қоғамда жоқ емес. Ер адамның өз отбасын
тастап, өзге әйелмен қол ұстасып кетуі де көп кездеседі.
Бала-шағасын қараусыз қалдырып кету ата-ананың қай-
қайсысына болса да сын. Алла тағала Ақыретте бұл
істің есебін сұрайды. Перзенттердің өзі де Алланың
алдында өздерін тастап кеткен әкесі немесе шешесінен
ақысын талап етеді. Мұсылман адам сол күнгі халі ту-
ралы ойланғаны жөн.