Previous Page  41 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 192 Next Page
Page Background

41

Отбасы шаттығы

бала көтеруден қалған. Сонда да, өз құзырыңнан

бір перзент нәсіп ете гөр!

» деп дұға етті. Сонда Алла

тағала сондай қаусаған кәріліктеріне қарамай келешекте

пайғамбар болатын Йяхья атты ұл нәсіп етті.

Кейде ер мен әйелдің бойдақ кездеріндегі арман-

қиялдары отбасы құрған кездерінде жүзеге аспай

қалса, соған бола ажырасып кететіндер де бар. Мы-

салы, тұрмыс құрған соң, тек күйеуімен жеке өмір

сүруді, тапқан табыстарын тек өздеріне ғана жұмсауды

армандаған қыз баланың алдынан ата-ене, қайын жұрт

деген мәселелер шығады. Күйеуі ата-анасына қарауға,

олардың қас-қабағын бағуға көңіл бөлетін адам боп

шығады. Көптеген ұрыс-керістер осыдан шығады. Ал

негізінде, әрбір адам отбасындағы берекенің қайнар көзі

қария кісілер екеніне көңіл бөлгені жөн. Пайғамбарымыз

(с.ғ.с.): «Кішілерімізге мейірім көрсетіп, үлкендерімізді

құрметтемеген адам бізден емес» деп ескерткен. Демек,

ата-енені сыйламау мұсылмандыққа сын. Әйел кісілер

өз күйеуін қалай сыйласа, оның ата-анасы мен туыста-

рын солай құрметтеуі тиіс. Ер адам да әйелінің туыста-

рына дәл сондай құрметпен қарауы керек.

Күйеуінің өз әйелін жөн-жосықсық ұрып-

соғып, орынсыз тоқпақтай беруі де бір күні әйелдің

ажырасуға тілек білдіруіне себеп болады. Негізінде,

әйел ұрып-соғумен тәрбиеленбейді. Оны Алланың

дінін, иман негіздерін, шариғат қағидаларын үйрету

арқылы тәрбиелеу керек. Күйеуін дұрыстап сыйла-

маса, ақыретте не күтіп тұрғанын түсіндірген дұрыс.

Алладан, ақыреттен қорықпайтын адамды ұрып-соғып

тәрбиелеймін деу бекершілік.

Үй иесінің маскүнемдікке немесе нашақорлыққа

салынуы, құмар ойындарына беріліп кетуі, ұрлық