48
Шошқамен жатқаннан шошыныңыз!
Азғындық. Ұятсыздық. Намыссыздық. Осындай
ауыр сөздер бүгінгі таңда кей адамдарға әсер етуден
қалған секілді. Болмаса, бөтен әйел мен бөтен еркектің
зина жасауы азғындық, арсыздық екені аз айтылып
жүрген жоқ. Амал нешік, күйеуінің немесе әйелінің
жеңіл жүріске салынғанын айтып шағым жасаушылар
толастар емес. Бізді жаратқан, жоқтан бар еткен Алла
тағаланың сөздеріне бір рет терең ой жүгіртіп көрейікші.
Қасиетті бір аятта былай делінеді: «Зинаға жоламаңдар!
Ол – ұятсыздық, арсыздық және өте нашар жол» («Исра»
сүресі, 32-аят). Тағы бірінде Жаббар иеміз былай деп
баян етеді: «(Уа, Мұхаммед!) Мүминдерге жеткіз. Олар
харам нәрсеге қарамасын және әурет мүшелерін арам
істен қорғасын». («Нұр» сүресі, 31-32- аяттар)
Осы аяттар аз ба? Алла «Зинаға жолама!» деп
тұрғанда, құлағымызға қыстырмай, білгенімізді жасай
беру – азғындық емей не? Адал жары мен пәк туылған
бала-шағасын алдап өмір сүру – азғындық емей не?
Ақша тапқанның жөні осы екен деп біреудің некелі
әйелін, біреудің қызын төсекке тарту – азғындық
емей не? Айтыңызшы, осындайларды қай қисынмен
мұсылмандар санатына қоспақпыз. Пайғамбарымыздың
өзі бір хадисінде мұның төрелігін беріп қойған жоқ
па? Иә, мынадай хадис жоқ емес, бар: «Ананың не-
месе мынаның адал жарын яки қызын алдап, басын
айналдырған бізден емес, яғни мұсылмандар санатына
қосылмайды».