53
Отбасы шаттығы
деген шынында да бар ма? Бар болса, тиген көз адамға
қаншалықты зиян? Әр нәрсенің түп түйінін шешіп
беретін хақ дініміз бұл тұрғыда не дейді? Қысқасы,
бұқара жұрттың бұл жайында білгісі келетін мәселе
көп болса керек.
Алдымен айтарымыз, көз тиюдің ақиқатта бар екені
рас. Өйткені ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Көз
тию расында бар нәрсе»
,
«Бір нәрсеге таңырқаған
мұсылман «Бәракаллаһу фиһ» десін»,
– деп мәселенің
мәнін қысқа ғана хадисінде ашып берген. Алла
елшісінің (с.ғ.с.) өз ойынан сөйлемейтіні, не айтса да
Алланың көкейіне салғанын (уахи етілгенді) айтаты-
ны қасиетті Құранда білдірілген. Тағы бір хадисінде
сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
«Көз тию – ақиқат.
Егер тағдырмен жарысқа түсе алатын бір нәрсе
бар болса, көз тию болып, тағдырды озып та кетер
еді (тағдырды өзгертер еді)»
– деген (Мүслим, Ибн
Мажә).
Бұл жерде көз тиюге қатысты қандай жағдай бол-
са да, оны бәрібір Алла жарататынын естен шығармау
керек. Көзі өткір адамның жасағаны деп сенуге бол-
майды. Басқаша айтқанда, назары бар адам бір нәрсеге
қарағанда, сол нәрсеге келетін зиянды жарататын
Алла. Жақсылық та, жамандық та Алладан. Алланың
қалауынсыз ешбір нәрсе пайда болмайды.
Тіл мен көз кейде кісінің қайтыс болуына дейін
апаруы ықтимал. Хадистердің бірінде:
«Көз тию
– ақиқат. Ол түйені қазанға, адамды қабірге
түсіреді»,
– делінген («Кәшфүл хафа», 2: 76). Олай
болса, көз бен сөз тек адамға емес, өзгелерге де зи-
янды болса, онда бұрынғылардың сақтық шаралары
мен дұғалары еріккеннің ермегі болмағаны. Құранға