Previous Page  50 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 50 / 192 Next Page
Page Background

50

Жанұя жарасымы

сап жатқанда, сіздерді адал отбасыларыңыз сарыла

күтіп отырады. Бала-шағаңыздың да ойы онға, санасы

санға бөлінеді. Айтыңызшы, қай перзент өз әкесін не-

месе шешесін «зинақор», «азғын» деген жаман атаққа

қияды. Ешкім де. Өйткені бала үшін ата-ананың орны

қашан да қастерлі.

Кім біледі, бәлкім, «Біздегі махаббатты қайда

қоясың?» деп ақталғысы келетіндер шығар. Оларға ай-

тарымыз, бұл қылықтың аты махаббат та, сезім де емес.

Оның аты – зинақорлық, азғындық, нәпсіқұмарлық.

Мүмкін сіздер күнәні қайта-қайта жасай берген соң,

денелеріңіз оған үйреніп қалған болар. Тіпті, сон-

дай жиіркенішті істі күнәға жатпайды деп шығатын

шығарсыз. Жоқ, сіз қатты қателесесіз. Үлкен күнәларды

ғалымдар әр түрлі топтастырған. Қалай болғанда да,

жеті жүз үлкен күнә болса, соның біреуі – осы зина.

Жетпіс болса да, соның біреуі – зина. Тіпті ең үлкен

күнәлар жетеу болса, соның бірі және бірегейі – зина.

Имам Табарани жеткізген бір хадисте ардақты

пайғамбарымыз былай деген: «Әйелдермен бір жер-

де оңаша қалудан сақтаныңдар. Алла атымен ант

етейін, бір еркек бір әйелмен жеке қалғанда арала-

рына шайтан кіріп отырады. Бір кісінің үсті-басы

нәжіс бір шошқамен құшақтасып жатқаны некесі

жоқ бөтен әйелге жақындауынан әлдеқайда жеңіл».

Көрдіңіз бе, зинаның бір сипаты осындай. Ал енді

өзіңізді қораның ішінде өз нәжісіне былғанып жатқан

лас шошқаның құшағында жатқаныңызды елестетіп

көріңізші. Мұны айтқан екі дүниенің жаршысы –

ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.).

Ендеше, құрметті мұсылман бауырлар! Адам де-

ген ардақты атымызға кір келтірмей таза өмір сүргенге