Previous Page  34 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 34 / 192 Next Page
Page Background

34

Жанұя жарасымы

қиын шығар? Сендерді қайтсем де ажыратып тынам деп

ортаға от сап жүрген қасиетсіз туысқандарды кешіру

қиын шығар. Бірақ қалай болғанда да, ер де, әйел де

өзімен жұмыс жасамаса болмайтын секілді. Алдымен

екеуі де тәкаппарлықты тастауы керек. Содан әркім

өз кемшілігін жойып, қажет болса бір-бірінен кешірім

сұрап, біріне-бірі күліп сөйлеп, шаңырақтың іргесін

бекітуге бірігіп ат салысуға тиіс. Ертең, арғы күні осы

ер мен әйелден талай-талай ұрпақ өрбиді. Олардың

арасынан ата-бабасына Құран бағыштай алатын небір

опалы нәсіл тарайды. Міне, мұның бәрі тәкаппарлықты

тастауға тұрарлық.

Уа, Алла тағалам, елімізде құрылған отбасылардың

іргесін берік ете гөр. Оларды шайтанның азғыруынан

сақтай гөр. Бұл елдегі бір де бір шаңырақтың құлауына

жол берме! Жас отбасыларға адалдық пен пәктік бер!

Үлкендерге тақуалық беріп, Өзіңнен қорқуды нәсіп ет!

Ата-анасынан тірідей айырылған жас балапандарды жы-

лата гөрме! Олардың жылай, жылай құрғауға айналған

жастарын тыя гөр. Иман, ықылас, ар-намыс пен ұятты

жүректерімізге сала гөр! Әмин. Әмин. Әмин.