Previous Page  26 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 26 / 192 Next Page
Page Background

26

Жанұя жарасымы

елшісі (с.ғ.с.) жайлы жарлары еш уақытта бір ауыз

болса да шағым айтпаған. Олар Алла елшісінің (с.ғ.с.)

отағасылық өміріне жан-тәнімен разы еді. Айталық,

ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірлік серіктерінің

арасында хазірет Хадишаны ерекше жақсы көрді.

Онымен жиырма бес жыл бақытты өмір кешті. Тіпті

дүние салғаннан соң да, оны ұмыта алмады. Зәредей

бір нәрсенің өзі сүйікті жарын есіне салып, ол жайлы

сүйіспеншілігін жаңалап тұрушы еді. Мысалы, Хадиша

анамыз қайтыс болғаннан кейінгі уақытта оның Хале

деген сіңілісі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үйіне келіп,

кіруге рұқсат сұрайды. Оның дауысы хазірет Хадишаның

даусына ұқсап кеткендіктен, Пайғамбарымыз бір сәт

қобалжып: «Бұл келген Хале емес пе?» деді. Қасында

отырған Айша анамыз бұған ренжігендей: «Қайтыс

болған әйелді осыншалықты еске алуыңыздың қандай

мәні бар. Алла тағала сізге одан жақсы жұбайлар берген

жоқ па?» деп сұрайды. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.): «Жоқ,

ақиқат сен айтқандай емес. Ешкім маған иланбаған

кезде, ол маған сеніп еді, әркім Аллаға серік қосып

жатқанда, мұсылмандықты ол қабылдаған еді. Маған

ешкім де көмектеспей жүргенде, ол менің жәрдемшім

болушы еді» деген болатын. Ардақты Пайғамбарымыз

одан соң, Айша анамызды жақсы көретін. Алайда бұл

сүйіспеншілік те тек сұлулыққа байланысты емес еді.

Себебі хазірет Айшаның қабілеті, зеректігі, ақылдылығы,

парасаттылығы және әр нәрсенің жорамалын жасаудағы

ерекше естілігі болатын. Әйгілі хадисінде: «

Әйелдер

төрт нәрсесі үшін таңдалады: мал-дүниесі, сұлулығы,

тегі және діндарлығы. Сен діндарын таңда

» деп кеңес

беруі де осыдан болса керек.