Previous Page  21 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 192 Next Page
Page Background

21

Пайғамбарлық тәрбие

Жанұя мүшелерінің екі дүниеде бақытты ғұмыр

кешуі ең алдымен отағасының тәрбиешілік міндеттерін

дұрыс атқаруымен байланысты. Өйткені тәрбие дұрыс

жолға қойылмай, отбасындағы ешбір істің оңала

қоймасы анық. Ал тәрбие ісінің ең жарқын үлгісін

ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) көрсетіп

берді. Олай дейтініміз, небәрі жиырма-отыз жылдың

ішінде пайғамбарымыз өз қол астынан хазірет Әбу

Бәкір, Омар, Осман, Әли (р. анһум) секілді әрқайсысы

бір төбе әділетті халифаларды, сондай-ақ әрбірі жарық

жұлдыз іспеттес жүз мыңдаған саңлақ сахабаларды

тәрбиеледі.

Бұл әрине Пайғамбарымыздың мінсіз тәлімінің

айқын көрінісі еді. Алла елшісінің (с.ғ.с.) отбасылық

өмірі кімге болса да үлгі. Пайғамбарымыздың құтты

шаңырағы өмірден өткен барша жанұялардың ең

бақыттысы, әрі берекелісі еді. Бұл бақыттары ең ал-

дымен рухани байлықпен ұштасып жатты. Мысалы,

Алла елшісінің (с.ғ.с.) өз отбасы мүшелерін қанағат

сезіміне тәрбиелеуін ғана сөз етелік. Бұл қасиетті

отбасының материалдық тұрмысы өте жұпыны болған.

Айша анамыз (р. анһа) үйлерінде екі-үш айда бір рет

қана қазан асылып, ыстық тамақ ішілетінін, ал өзге

уақытта құрма мен қара суды азық ететінін жеткізген.

Бірде Фатима қатыңқырап қалған бір тілім нан әкеліп

әкесіне ұсынғанда, қанағат пен сабырдың сұлтаны

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «

Әкеңнің үш күннен бері та-

тып отырған дәмі осы

» деп нәзік қызының көзіне жас