Previous Page  18 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 18 / 192 Next Page
Page Background

18

Жанұя жарасымы

жұлқынып шығады. Сонда Алла алдындағы ақ некенін

қасиеті қайда қалды?

Ислам дінін біледі, иман келтіріп, намаз оқып жүр

дегендердің өзі болмашы себептерге бола әйеліме

талақ бердім деп жүргенін байқаймыз. Сонда Алла

тағаланың жер бетіне орнатқан ұлы заңы бұлай ойнай-

тындай ойыншық болғаны ма? Бұл істердің бәрінің

ертең сұрағы алынады. Бұл жақта ажырасу оңай, ал

арғы жақта оның зардабы өте қиын. Сондықтан үйленем

деп өз қалауыңмен бір кісіні өмірлік жар деп алдың

ба, оның аяғы қисық түгіл, белі бүкір болса да, мінезі

жаман түгіл болса да, шыдап өміріңнің соңына дейін

баруың керек. Өйткені мұсылманның некесі аз ғана

уақытқа емес, мәңгілік өмірге бір-ақ қиылады.

Адам қанша рет үйленсем де өзім білем дейтіндей

қарбыз бақшасында жүрген жоқ қой. Әр қарбызды бір

жарып, дәмі жаман екен деп тастай берсе не болады?

Одан қалған жарылған қарбызды кім жемек? Бақшадағы

әр гүлдің басын жұлып кете берген адам бақшаға қанша

зиян келтіргенін ойлай ма? Сол секілді бір қызға үйлене

салып, ажырасудың қоғам өміріне дәл сондай немесе

одан да ауыр зияны бар. Ендеше, шыдай алмайсың ба,

әу баста шаңырақ көтеруге асықпа. Өмірлік жар етем

деген адамыңды жақсы танымайынша, үйленбе!

Ажырасудың жақсы қылық емес екенін мына бір мы-

салдан да анық аңғаруға болады. Бір адам жағдайымды

дұрыстап алайын деп қандай да бір ұрлық жасаса, сөйтіп

арам жолмен тапқан ақшасына қуанып, бала-шағасын

асырап, өзінің көңілін көтеріп бір жасап қалуы ықтимал.

Ал енді бұл қанша жерден қуанышты болғанымен әу

бастағы ұрлықты жақсы іс дей аламыз ба? Әрине, жоқ.

Міне, сол секілді әркім ажыраса салып үйлене берсе,

қанша жерден қуанғанымен, түбінде ажырасу деген